Жазғы демалыс кезінде ата-аналардың жұмысқа кетуіне байланысты балалардың үйде жалғыз қалатын жағдайлары жиі кездеседі. Мұндай кезде олардың қауіпсіздігін алдын ала қамтамасыз ету өте маңызды.
Мамандар балаларға есікті бейтаныс адамдарға ашпау, газ және электр құралдарын пайдаланбау, төтенше жағдайда хабарласатын нөмірлерді білу сияқты қарапайым қауіпсіздік ережелерін үйретуге кеңес береді. Сонымен қатар қауіпті заттарды балалардың қолы жетпейтін жерге қою қажет.
Балалардың қауіпсіздігі тек бақылаумен ғана емес, дұрыс түсіндіру жұмыстарымен де қамтамасыз етіледі. Сондықтан әр ата-ана балаға қауіпсіздік мәдениетін ерте жастан қалыптастыруға көңіл бөлгені жөн.

