Жазғы демалыста балалардың велосипед тебуге қызығушылығы артады. Бұл денсаулыққа пайдалы болғанымен, жол қозғалысы мен қауіпсіздік талаптарын сақтаудың маңызы зор.
Мамандар балаларға велосипедті тек қауіпсіз жерлерде тебуді, жолға шыққанда айналаға мұқият қарауды және міндетті түрде қорғаныс дулығасын киюді ұсынады. Сонымен қатар ата-аналар балалардың жасына сәйкес велосипед таңдап, оның техникалық жарамдылығын үнемі тексеріп отырғаны дұрыс.
Қауіпсіздікке үйрету – баланың өмірі мен денсаулығын қорғаудың маңызды бөлігі. Қарапайым ережелерді сақтау арқылы жазатайым оқиғалардың алдын алуға болады.

