Балалардың қауіпсіздігі – ортақ міндет!

(0 Votes)
М. Әуезов атындағы жалпы орта мектебінде «Балалардың қауіпсіздігі және кәмелетке толмағандардың суицидтік мінез-құлқының алдын алу» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді.
 
Жиналыстың негізгі мақсаты – балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың психологиялық саулығын сақтау және ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру.
 
Кездесу барысында мектеп психологтары Қыдырсихова Альмира Лубекқызы мен Г. Б. Караменова балалардың психологиялық саулығын нығайту, қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыру, жасөспірімдердің эмоционалдық жағдайына назар аудару және суицидтік мінез-құлықтың алдын алу мәселелеріне кеңінен тоқталды.
 
Сонымен қатар, 19-23 қазан аралығында өтіп жатырған “Қауіпсіз ұрпақ-кемел болашақ” профилаітикалық іс-шарасының негізінде мектеп инспекторы Аягөз Мухамбеткалиева ата-аналарға баланың көңіл күйіндегі өзгерістерге бейжай қарамау, оның ішкі жан дүниесін түсінуге тырысу, ашық әрі сенімді қарым-қатынас орнату, баланың мәселесін мұқият тыңдап, дер кезінде қолдау көрсету қажеттігі түсіндірілді.
 
Балаға ең алдымен мейірім, түсіністік, қамқорлық пен қолдау қажет. Кейде баланың үнсіздігі, тұйықталуы немесе мінез-құлқындағы өзгерістер оның көмекке мұқтаж екенін білдіруі мүмкін. Сондықтан ата-ана мен мектеп арасындағы тығыз байланыс – бала қауіпсіздігінің маңызды кепілі.
 
Әр сыныпта ұйымдастырылған ата-аналар жиналыстары мазмұнды әрі нәтижелі өтті. Қатысушылар бала тәрбиесіндегі ортақ жауапкершілік, отбасындағы психологиялық ахуал және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша маңызды ақпараттармен бөлісті.
 
Бала қауіпсіздігі – тек мектептің немесе ата-ананың ғана емес, баршамыздың ортақ міндетіміз! Балалардың бақытты балалық шағы, жарқын болашағы мен психологиялық саулығы үшін бірлесе әрекет етейік!
 
Балаға көңіл бөлу – оның болашағына қамқорлық жасау!

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT