Жаз мезгілінде балалардың бос уақыты көбейіп, көшеде немесе түрлі ойын алаңдарында жиі жүреді. Сондықтан олардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлу қажет. Мамандар балаларды ұзақ уақыт қараусыз қалдыру түрлі қауіптің туындауына себеп болуы мүмкін екенін айтады.
Әсіресе жол қозғалысы, су айдындары, құрылыс нысандары сияқты қауіпті аймақтарда сақтық шараларын сақтау маңызды. Ата-аналар балаларға қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, олардың бос уақытын бақылауда ұстауы қажет.
Балалардың қауіпсіздігі – әр отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті.

