Кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық рейд жұмыстары ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, құқық бұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ олардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Баланың амандығы мен жарқын болашағы әр отбасының, әр азаматтың және бүкіл қоғамның басты құндылығы. Сондықтан бала қауіпсіздігі мәселесіне бейжай қарамай, бірлесе әрекет ету баршамыздың ортақ міндетіміз.
Қауіпсіз бала – бақытты отбасы, жарқын болашақ кепілі!

