Көлік ішінде телефон, ноутбук, сөмке немесе басқа да бағалы заттарды көзге көрінетін жерде қалдыру қауіпсіз емес. Мұндай жағдайлар құқық бұзушылардың назарын аударып, мүліктік шығынға әкелуі мүмкін.
Мамандар көлікті тастап кеткенде барлық есік пен терезенің жабық екеніне көз жеткізіп, бағалы заттарды жүксалғышқа немесе сырт көзге көрінбейтін жерге қоюға кеңес береді. Сонымен қатар көлікті жарықтандырылған әрі бейнебақылау камералары бар орындарға қойған дұрыс.
Қарапайым сақтық шаралары көлік пен жеке мүліктің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектеседі.

