АУЫЛЫМЫЗ КӨРКЕЙЕ ТҮССЕ...

(0 Votes)

ҚАЗІР ҚҰРМАНҒАЗЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ БОЙЫНША «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА АБАТТАНДЫРУ, САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛЫҚ ЖӘНЕ КӨГАЛДАНДЫРУ БАҒЫТТАРЫНДА ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ.

– Округ аумағында 250-ге жуық контейнер бар. Санитарлық тазалық жұмыстары барысында контейнерлерден шамамен 45 тонна тұрмыстық қалдық шығарылып, белгіленген орындарға уақытылы жеткізіледі. Сонымен қатар, абаттандыру жұмыстары кезеңкезеңімен жасалуда. Атап айтқанда, саябақ аумағындағы қоршауларды, орындықтарды, қоқыс жәшіктерін (урналарды), мүсінді, субұрқақты (фонтанды), жарықтандыру шамдарын және гүлзарларды жөндеу, сырлау, ретке келтіру және күтіп ұстау жұмыстары атқарылуда. Осыған қоса, Абай көшесіне 1, Нұғыман Манаев көшесіне 1 лэд экран орнатылды. Самаркин елді мекеніне балалар ойын алаңы салынды, Пмк елді мекеніндегі жастар алаңына ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалып отыр. 2026 жылы Құрманғазы ауылдық округі бойынша ақылы қоғамдық жұмыстарға 5 орын бөлінді. Бүгінгі уақытта 4 адам еңбек етуде, ал 1 адам жұмыстан босатылды. Ақылы қоғамдық жұмысшылар санының аз болуына байланысты көше тазалығы мен абаттандыру жұмыстары қолда бар жұмыс күшімен мүмкіндігінше ұйымдастырылып, кезең-кезеңімен атқарылу үстінде. Жақында ғана  «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Құрманғазы ауылдық округінде рейдтік-профилактикалық іс-шара өткізілді. Рейд барысында ауыл көшелерінің санитарлық жағдайы, абаттандырылуы және тұрғындарға тиесілі аумақтардың күтіп-ұсталуы зерделенді. Іс-шарада ауылымызда орын алған бірқатар кемшіліктер анықталып, тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ескертулер берілді. Анықталған кемшіліктерді жою үшін тұрғындарға 10 күн мерзім белгіленді. «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы округ аумағының санитарлық тазалығын сақтау, абаттандыру жұмыстарын жүргізу және қоғамдық орындардың көркейтілуін қамтамасыз ету бағытындағы рейдтікпрофилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатын болады, –дейді  Құрманғазы ауылдық округінің бұл жұмыстарға жауапты бас маманы Айдос Шамеров.

Сүйікті туған жеріміздің тазалығын сақтау -  бәріміз үшін ортақ міндет. Ауылымыз көркейе түссін десек оған жаппай атсалысайық.

Қанат ҒҰМАРОВ

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT