Ауылға қаржылай қолдау қажет

(0 Votes)

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында: «Біз ауыл-аймақтарды дамытуды барынша назарда ұстаймыз. Ауыл шаруашылығының дамуына бар күш-жігерімізді салуымыз керек.

Шаруаларға алдағы жұмыстарының жоспарлауға мүмкіндік беретін кең ауқымды қаржыландыру қажет» дей келе қолжетімді, жеңіл шарттармен қаржыландыруды ұзын арқан, кең тұсауға салмай дереу жүзеге асыруды тапсырды. Бұл ауылға үлкен қолдау. Өзім ауылда тұрғаннан кейін әрі  ұзақ жылдар ауданымыздың ауыл шаруашылығында қызмет атқарып, өңіріміздің дамуына үлес қосқандардың бірі болғаннан соң жүрегіме жылы тиді. Сондықтан бұл саланың мәселелері маған кеңінен таныс. Ауыл шаруашылығына көңіл бөлінгені өте орынды. Себебі бұл сала қаржылық қолдаусыз алға баспайды. Сонымен қатар Жолдауда ауылдық жолдарға көңіл бөлінетіні де айтылды.
   

Президентіміздің: «Логистиканы дамытуға зор мән беріледі. Дамыған логистика болмаса бүгінгі күшті ел ертең құрдымға кетеді» деуі де орынды. Онсыз дамыған елдер қатарына қосылу мүмкін емес. Мемлекет басшысы Үкіметке транзиттік әлеуетті күшейтетін теміржол, автожол жүйесінің тұтас желісін құруды алға міндет етіп қойды. Сондай-ақ, басқа да маңызды бағыттар айқындалып, жасалатын жұмыстар нақтыланды. Жолдауда алға қойылған міндеттер жүзеге асып, Тәуелсіз еліміз өркендеп дами берсін!

Өмірзақ Қажымғалиев,

академик-жазушы, Атырау облысы және Құрманғазы ауданының Құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT