Әр ауылдың өзіндік келбеті бар. Сол келбетті сақтап, көркейту ең алдымен сол жерде тұратын тұрғындардың жанашырлығына байланысты. Таза көше, ретке келтірілген аула мен күтімді қоғамдық орындар – ұйымшылдықтың нақты көрінісі.
Туған жердің тазалығына үлес қосу үлкен қаржыны қажет етпейді. Керісінше, әр адамның қарапайым жауапкершілігі ауылдың ажарын айтарлықтай өзгерте алады. Осындай ортақ іске атсалысу арқылы қоғамда ынтымақ пен бірлік те нығая түседі.
Туған жердің гүлденуі әр тұрғынның қолында. Сондықтан әркім өз ауласынан бастап тазалыққа мән бергені жөн.
— Бекболат Кажетов, ауыл тұрғыны

