Ауыл тазалығы – өз қолымызда

(0 Votes)

«Таза Қазақстан» акциясы ауылымызда да жақсы қолдау табуда. Бұл бастама тұрғындарды тазалық сақтауға, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға үйретіп келеді.

Сенбілік кезінде ауыл болып бірігіп, көшелерді тазалап, айналаны ретке келтіреміз. Осындай жұмыстар арқылы ауылымыз көркейіп, таза әрі жайлы бола түсуде. Әсіресе, жастардың белсенді қатысуы қуантады.

Тазалық – әр адамның өзінен басталады. Сондықтан әрқайсымыз өз ауламызды таза ұстасақ, ауылымыз одан әрі ажарлана түседі деп ойлаймын.

— Ауыл тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT