Ауылдың ажары тек жаңа ғимараттармен немесе жолдардың жөнделуімен өлшенбейді. Оның шынайы келбеті көшелердің тазалығынан, тұрғындардың ұйымшылдығынан және ортақ іске деген көзқарасынан байқалады.
Тазалыққа мән берілген жерде тәртіп те, бірлік те нығаяды. Әр тұрғын өз ауласы мен көшесіне жауапкершілікпен қараса, ауылдың келбеті өзгереді. Осындай қарапайым әрекеттер туған жердің көркеюіне үлкен үлес қосады.
Туған ауылдың тазалығын сақтау – әрбір азаматтың ортақ міндеті әрі туған жерге деген сүйіспеншілігінің нақты дәлелі.
— Ғайша Қажетова, аудан тұрғыны


