24–30 сәуір аралығында Құрманғазы ауданының аумағында республикалық «Аумақ» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Бұл шараның басты мақсаты — қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстың алдын алу, елді мекендер мен шаруа қожалықтарындағы құқықтық тәртіпті нығайту.
Жедел-профилактикалық іс-шара аясында полиция қызметкерлері аудан көлеміндегі қыстақтарды, шаруа қожалықтарын және азаматтық қару иелерін тексеруден өткізді. Тексеріс нәтижесінде заң талаптарын бұзған 20-ға жуық тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қазіргі таңда аудан аумағында бақылау жұмыстары жалғасуда.

