Балалар ойын алаңдары – бүлдіршіндердің қауіпсіз демалып, уақыт өткізетін маңызды орындарының бірі. Сондықтан мұндай аумақтарды таза ұстау, ойын құралдарын бүлдірмеу және қауіпсіздік талаптарын сақтау әр тұрғынның ортақ міндеті.
Кейбір жағдайларда ойын алаңдарында қоқыс қалдыру, жабдықтарды сындыру немесе оларды мақсатсыз пайдалану фактілері кездеседі. Мұндай әрекеттер балалардың қауіпсіздігіне қауіп төндіріп, қоғамдық мүлікке зиян келтіреді.
Мамандар тұрғындарды ортақ мүлікке жанашырлықпен қарауға және балаларға қоғамдық орындардағы тәртіп ережелерін үйретуге шақырады. Ұқыптылық пен жауапкершілік – жайлы ортаның кепілі.

