Аудан тазалығына ерекше көңіл бөлінуде

(0 Votes)

 

Құрманғазы ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында тазалық және көгалдандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Кезекті сенбілік барысында аудан тұрғындары, жастар мен мекеме қызметкерлері қоғамдық орындарды тазарту жұмыстарына белсенді қатысты.

Шара кезінде көшелер бойы, саябақтар мен әлеуметтік нысандар маңы қоқыстан тазартылып, санитарлық жағдайды жақсарту бағытында жұмыстар атқарылды. Сонымен қатар, аудан аумағын көркейту мақсатында абаттандыру жұмыстары қолға алынды.

Мұндай бастамалар қоршаған ортаны таза ұстауға үндеп, тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға оң әсерін тигізуде

— Қуаныш Зайров, ауыл тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT