Атырау облысы Құрманғазы ауданында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

(0 Votes)
2026 жылғы 10–13 наурыз аралығында Құрманғазы аудан аумағында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында республикалық деңгейдегі «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
 
Аталған іс-шара барысында полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда құқықтық тәртіпті сақтау, көшелер мен аулаларды патрульдеу жұмыстарын күшейту, қылмыс пен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында кешенді жұмыстар жүргізуде. Сонымен қатар, құқық бұзушылыққа бейім тұлғаларды анықтау, іздеуде жүрген азаматтарды табу, сондай-ақ жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары қолға алынуда.
 
Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті нығайту және құқық бұзушылықтардың алдын алу. Полиция қызметкерлері қала тұрғындарын заң талаптарын сақтауға және қоғамдық тәртіпті бұзбауға шақырады.
 
Іс-шара кезінде өзіме бекітілген аумақ Ақкөл ауылы бойынша қару иелерін тексеріп олармен қаруды пайдалану сақтау ережелерін түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT