АТА-АНАЛАРМЕН ЖӘНЕ ЖАСӨСПІРІМ ҰЛ БАЛАЛАРМЕН ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ

(0 Votes)
 
Кәмелетке толмағандармен жасалатын құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында облыс аумағында 2026 жылдың қараша айының 4-11 күндері аралығында “Жанұя және бала” жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде!
 
Осыған орай, 04.11.2026 жылы, Құрманғазы АПБ-нің КПБ-ның аға жедел уәкілі полиция аға лейтенанты А.Алиев, ҚҚБ-нің УПИ полиция майоры Б.Уахитов , ЮПТ аға УПИ полиция майоры Д.Қаратаеваның қатысуымен Панфилов атындағы жалпы орта мектебінің 8-11 сынып оқушылары ата-аналарымен бірге жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында:
🔹 Мопедтер мен скутерлерді басқару кезіндегі жол қозғалысы қауіпсіздігі, жол жүру ережелерін сақтау және заң талаптары;
🔹 Есірткі құралдары мен психотроптық заттардың зияны, оларды қолдану мен тарату үшін көзделген заңды жауапкершілік. Аталған бағытта жасөспірімдерге есірткіге қарсы тақырыптағы бейнеролик көрсетіліп, оның зиянды салдары түсіндірілді;
🔹 Әлеуметтік желілердегі қауіпсіздік, интернет арқылы жасалатын құқық бұзушылықтар, кибербуллинг, бопсалау және күмәнді интернет-топтардың ықпалы;
🔹 Жасөспірімдер арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу, баланың психологиялық жағдайына ата-аналардың назар аударуы және дер кезінде көмек көрсету;
🔹 Буллинг, әлімжеттік, зорлық-зомбылық және жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы құқық бұзушылықтың алдын алу, түнгі уақытта көшеде және ойын-сауық орындарында заңсыз жүруге жол бермеу;
🔹 Өзімен бірге пышақ және өзге де үшкір, өткір заттарды алып жүрмеу
🔹 Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі, кәмелетке толмағандардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Кездесу барысында ата-аналарға балаларымен ашық сөйлесу, олардың күнделікті ортасына, достарына, әлеуметтік желідегі белсенділігіне және мінез-құлқындағы өзгерістерге бейжай қарамау қажеттігі ескертілді.
Бала қауіпсіздігі – баршамызға ортақ жауапкершілік!
 

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT