Ата-аналармен профилактикалық кездесу өтті

(0 Votes)

Құрманғазы аудандық полиция бөлімінің Криминалдық полиция бөлімінің аға жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты Алиев Абылай Ұзақжанұлы Ғ.Мүсірепов атындағы жалпы орта мектепте ата-аналармен кездесу өткізді. Кездесу барысында жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, тәртіп сақтау, нашақорлықтың зияны және интернет-алаяқтықтан сақтану бағытында профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара барысында полиция қызметкері қазіргі таңда интернет арқылы жасалатын алаяқтық қылмыстарының түрлеріне тоқталып, күмәнді сілтемелерге өтпеу, бөгде адамдарға жеке мәліметтер мен банк картасының деректерін бермеу қажеттігін ескертті. Сонымен қатар, әлеуметтік желілердегі қауіпсіздік мәселелері мен балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру жайы талқыланды.

Кездесу кезінде ата-аналарға нашақорлықтың қоғамға және жасөспірімдердің болашағына тигізетін зияны туралы кеңінен түсіндіріліп, балалар тәрбиесінде ата-ананың жауапкершілігі маңызды екені айтылды.

Шара соңында ата-аналар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, полиция қызметкері тарапынан нақты жауаптар берілді. Осындай профилактикалық кездесулер алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT