Шортанбай ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторы Шортанбай жалпы орта мектебінің ата-аналарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, суицидтік мінез-құлық пен зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері талқыланды. Сонымен қатар интернет-алаяқтықтан сақтану, жеке деректерді қорғау және отбасындағы бала тәрбиесінің маңыздылығы түсіндірілді. Ата-аналармен пікір алмасып, ұсыныстары тыңдалды.


