«Таза Қазақстан» акциясы халықты қоршаған ортаны аялауға, туған жерге жанашырлықпен қарауға үндейді.
Сенбіліктер мен абаттандыру жұмыстарына тұрғындардың белсенді қатысуы – бірлігіміз бен ортақ жауапкершілігіміздің көрінісі. Тазалық сақталған жерде жайлы өмір сүруге қолайлы орта қалыптасады.
Сондықтан барша тұрғындарды табиғатты қорғауға, тазалықты сақтауға және туған өлкеміздің көркеюіне өз үлесін қосуға шақырамыз.


