Жаңа Конституция жобасында мемлекеттік органдардың ашықтығын арттыру маңызды бағыттардың бірі ретінде айқындалған. Бұл – халықтың ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталды.
Құжатта мемлекеттік шешімдердің жариялылығы, есептілік пен қоғам алдындағы жауапкершілік тетіктері қарастырылған. Мұндай қадамдар билік пен халық арасындағы өзара сенімді күшейтеді.
Мамандардың айтуынша, ақпараттық ашықтық сақталған қоғамда азаматтардың белсенділігі де құқықтық мәдениет те жоғары болады.

