Құрманғазы ауданында өткізіліп жатқан «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 3 қараша күні Ақкөл ауылында «Таза Қазақстан» акциясымен бірлескен рейд ұйымдастырылды.
Іс-шараға полиция қызметкерлері мен ауылдық округтің бас маманы Гүлбану Ғылыметтинқызы қатысып, елді мекен көшелері мен тұрғын үйлердің аумағын аралады. Санитарлық тазалық пен абаттандыру талаптарының сақталуы тексеріліп, анықталған кемшіліктер бойынша тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабына сәйкес ескертулер жасалды.
Рейд барысында тұрғындарға ауыл тазалығы мен қоғамдық тәртіпті сақтау – баршаға ортақ жауапкершілік екені ескертілді. Сонымен қатар, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы профилактикалық жұмыстар жалғасуда.


