«Таза Қазақстан» акциясына қатысу барысында туған өлкеміздің тазалығы мен көркейуіне өз үлесімізді қостық. Тазалық жұмыстарын жүргізіп, көшелер мен қоғамдық орындардың айналасын қоқыстан тазарттық.
Бұл шара бізге қоршаған ортаны таза ұстаудың тек арнайы акция кезінде ғана емес, күнделікті өмірде де маңызды екенін көрсетті. Таза әрі жасыл орта – барлығымызға ортақ құндылық. Сондықтан әрқайсымыз табиғатты қорғап, тазалықты сақтауға үлес қосуымыз қажет.
«Таза Қазақстан» акциясы игі істердің жалғасын табуына себеп болсын!


