Адам саудасы – адамзатқа ортақ үлкен қауіп

(0 Votes)

Адам саудасы – адамның құқықтары мен бостандығын өрескел бұзатын ауыр қылмыс. Адамдарды алдау, қорқыту, мәжбүрлеу немесе осал жағдайын пайдалану арқылы еңбекке не басқа да мақсаттарға пайдалану – адамдық құндылықтарға мүлдем жат әрекет. Бұл мәселе қоғамның барлық мүшесінен сақтық пен жауапкершілікті талап етеді.

Адам саудасының құрбаны болмау үшін әр адам бейтаныс адамдардың күмәнді ұсыныстарына сақтықпен қарауы керек. Әсіресе шетелге немесе басқа қалаға жұмысқа шақырған кезде жұмыс беруші, келісімшарт, жалақы және тұратын жер туралы ақпаратты алдын ала тексерген жөн. Жеке құжаттарды бөтен адамдарға себепсіз бермеу және жақын адамдарға қайда баратыныңды хабарлап отыру да маңызды.

Менің ойымша, адам саудасымен күресте ең бастысы – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және құрбандарға қолдау көрсету. Әр адамның өмірі мен еркіндігі бағалы. Сондықтан адам саудасына немқұрайлы қарамай, күмәнді жағдайлар кездессе, тиісті құқық қорғау органдарына хабарлауымыз қажет. Адам құқығын қорғау – баршамыздың ортақ міндетіміз.

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT