Адам өмірін сақтау - суицидтің алдын алу

(0 Votes)

Адам өмірі – баға жетпес құндылық. Қазіргі қоғамда суицидтің алдын алу, адамдардың психологиялық саулығына көңіл бөлу және қиын жағдайға тап болған жандарға қолдау көрсету аса маңызды.

Кейде адамның сырттай көңілді көрінгенімен, ішінде шешілмеген мәселелері мен жан күйзелісі болуы мүмкін. Сондықтан жақындарымызға жанашырлық танытып, олардың мұң-мұқтажын тыңдап, қолдау көрсете білуіміз қажет. Әсіресе, жасөспірімдерге түсіністікпен қарап, олардың мәселелеріне бейжай қарамау керек. Уақытылы көрсетілген қолдау мен жылы сөз адамның өмірге деген үмітін қайта оятуы мүмкін. Әрбір адамның өмірі маңызды, сондықтан бір-бірімізге қамқор болып, қиындықты бірге жеңуге көмектесейік!

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT