Суицидтің алдын алу – қоғам үшін аса маңызды міндет. Кейде адамның ішкі жан дүниесіндегі қиындықтары мен уайымдары сырт көзге байқалмауы мүмкін.
Сондықтан жақындарымыздың көңіл күйіне бейжай қарамай, олардың сөзін тыңдап, қолдау көрсетуіміз қажет. Әсіресе жасөспірімдер мен жастарға түсіністікпен қарап, қиын жағдайға тап болған кезде жалғыз қалмауына жағдай жасау маңызды.
Бір жылы сөз, дер кезінде көрсетілген қолдау адамның өміріне үлкен өзгеріс әкелуі мүмкін. Адам өмірін сақтау – баршамызға ортақ жауапкершілік.
Мыңбаева Толқынай


