Жаңа Конституция жобасындағы адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға қатысты өзгерістер – қоғам үшін аса маңызды қадам деп есептеймін.
Өйткені кез келген мемлекеттің басты құндылығы – оның азаматы. Егер азаматтардың құқығы сенімді қорғалса, елде әділеттілік пен тұрақтылық орнайды. Жоба аясында заң үстемдігін нығайту, сот жүйесінің тәуелсіздігін арттыру және әрбір азаматтың пікірін еркін білдіруіне жағдай жасау көзделуі – демократиялық мемлекет құру жолындағы нақты іс-әрекет.
Бұл өзгерістер халық пен билік арасындағы сенімді күшейтіп, мемлекеттік басқарудың ашықтығын қамтамасыз етеді.
Жаңа Конституция жобасы азаматтардың жауапкершілігін де арттыра түседі. Құқықпен қатар міндеттің де бар екенін түсіну – өркениетті қоғамның белгісі. Сондықтан бұл бастамалар еліміздің дамуына оң әсер етіп, болашақ ұрпақ үшін берік құқықтық негіз қалыптастырады деп ойлаймын



