Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кері әсер ететін, азаматтардың заңға және мемлекеттік институттарға деген сеніміне нұқсан келтіруі мүмкін құқық бұзушылық. Оның алдын алу үшін заң талаптарын сақтау және адалдық қағидаттарын берік ұстану маңызды.
Әр азамат өз құқықтары мен міндеттерін біліп, қандай да бір заңсыз әрекетке бармауы қажет. Пара беру мен пара алуға жол бермеу, қызметтік міндеттерді адал орындау және қоғамда әділдік пен жауапкершілік құндылықтарын қалыптастыру – жемқорлықтың алдын алуға ықпал етеді.
Қисымова Аружан


