Жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіріп, мемлекеттік институттарға деген сенімге нұқсан келтіретін қауіпті құбылыс. Оған қарсы күрес тек мемлекеттік органдардың ғана емес, әрбір азаматтың ортақ міндеті.
Әр адам өз ісіне адал болып, заң талаптарын сақтап, пара беру мен пара алуға жол бермеуі қажет. Жемқорлыққа көз жұма қарамай, заңсыз әрекеттердің алдын алуға үлес қосу – азаматтық жауапкершіліктің белгісі.
Жемқорлыққа бірге қарсы тұрып, таза әрі әділетті қоғам құруға атсалысайық!


