Кудряшов ауылдық округі әкімдігі тарапынан елді мекенді абаттандыру және санитарлық тазалықты сақтау бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жалғасуда.
Осыған орай, әкімшілік қызметкерлерінің, ақылы қоғамдық қызметкерлердің, еріктілердің күшімен саябақ пен балалар ойын алаңында қурап қалған теректер кесіліп, теректердің төменгі бұтақтары санитарлық талаптарға сәйкес бұталды.
Сондай-ақ ағаштардың түптері мен айналасы тазартылып, аумақ ретке келтірілді. Жүргізілген жұмыстар ағаштардың дұрыс өсіп-жетілуіне, қоғамдық орындардың эстетикалық келбетін жақсартуға және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Ауылымыздың тазалығы мен көркеюі – баршамыздың ортақ ісіміз. Ортақ іске атсалысып, тазалықты бірге сақтайық!

