180-НЕН АСТАМ ҚАРУ ИЕСІ ТЕКСЕРІЛДІ

(0 Votes)
 
Құрманғазы ауданында 5 қазаннан бастап «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Осы уақыт аралығында аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 180-нен астам қару иесін тексеріп, қаруды сақтау талаптары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
 
Тексеру барысында қаруды тіркеу және сақтау тәртібін бұзған екі азамат анықталды. Оларға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, заң аясында жауапкершілікке тартылды.
 
Құрметті аудан тұрғындары! Атыс қаруын заң талаптарына сәйкес тіркеп, сақтау тәртібін қатаң сақтауларыңызды сұраймыз. Қару иелері белгіленген талаптарды бұзған жағдайда заң аясында жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз.

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT