Сенбілік концерт қорытындыланды

(0 Votes)

Жыл сайын аудан орталығындағы демалыс алаңында аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты мәдени мекемелер маусым-қазан айлары аралығында әр сенбі күні мәдени-көпшілік демалыс қызметін көрсетіп келеді.

Мақсаты – өңіріміздің мәдениетін көтеру бағытында мәдениет қызметкерлерінің өзара тәжірибе алмасуы, ҚР Тұңғыш Президенті, Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақалаларын негізге ала отырып, жастар арасында жас таланттарды іздеу, ұлттық бағыттағы жұмыстарды жандандыру болып табылады.

С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде мәдени мекеме қызметкерлерінің «Жастар жылы – жасампаздықтың бастауы» атты дәстүрлі сенбілік концертін қорытындылау жиыны өтті. Аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Зияда Жоламанова сөз сөйлеп, бірқатар марапаттар мен естелік сыйлықтардытабыстады.

Аталымдарға тоқталсақ, «Жетістікке деген жігері үшін» - Байда ауылдық клубы, «Биік межеге ұмтылысы үшін » - Нұржау ауылдық мәдениет үйі, «Жасампаз мәдени мекеме» - Сүйіндік ауылдық мәдениет үйі, «Бастамашыл мәдени мекеме» - Еңбекші ауылдық клубы, «Үздік безендіру» - Морской ауылдық мәдениет үйі, «Үздік сценарий» - Киров ауылдық клубы, «Үздік жастармен жасалған жұмыс» - Ақкөл ауылдық мәдениет үйі, «Үздік шығармашылық құрам» - Смағұл Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйі танылды.

Мейрамгүл Галимова,

С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінің әдіскері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521