Ресейден жүлдемен оралды

(0 Votes)

Желтоқсан айының басында Ресейдің Кабардин-Балкар республикасының орталығы Нальчик қаласында жастар арасында таеквондодан «Эльбрус» кубогы үшін бүкілресейлік турнир өтті.

Оған аталған елдің әр өңірінен бетке ұстар спортшылары қатысып бақтарын сынады. Барлығы да жақсы дайындықпен келгендіктен сайыс тартысты өтті. Турнирге ауданымыздың да спортшылары қатысқан болатын. Жарыстың қандай түрінен де құр қол қайтпайтын құрманғазылықтар бұл жолы да сенімді ақтады.

esbol1

55 келі салмақта жерлесіміз, Дүтбаев атындағы педколледждің 1 курс студенті Есбол Елеусінов жақсы өнер көрсетті. Өзіне қарсы тұрған 3 қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, төртіншісінен аздаған ұпай санымен ұтылды. Нәтижесінде ондаған спортшылардың ішінен жүлделі үшінші орынды иеленді.

Жарысқа дайындаған жаттықтырушылар Руслан Аманғалиев,Ерлан Алагузов. Есбол алға қарай да аудан абыройын асқтата береді деген ойдамыз.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521