Панкратионшылар сәтті өнер көрсетті

(0 Votes)

Өзбекстан Республикасы, Атырау қаласы, Қызылқоға, Индер, Құрманғазы аудандарынан барлығы 18 спортшы қатысқандоданың алғашқы кездесуінде 60 кг салмақ дәрежесінде Қызылқоға ауданының «Номад ММА» клубының жауынгері Құлшарап Дүйсенғали мен «Құрманғазы» клубы джиу-джитсудан және грэпплингтен облыс чемпионатының жүлдегері Мұхаммед Абулхат шығып, нәтижесінде қызылқоғалық спортшы жеңіске жетті.

65 кг салмақ дәрежесінде «Құрманғазы» клубының жекпе-жектен 2018 жылғы облыс чемпионы Есбол Байдошев каратэ кеокушинкайдан Қазақстан Республикасы чемпионатының күміс жүлдегері, Қызылқоғадан келген қарсыласы Ерлан Шаймерденовті тізе бүктіріп, әдемі ойын өрнегін көрсетті. 70 кг салмақта Атырау қаласы, «Каштенбай» клубы, грэпплингтен облыс чемпионы Нұртай Жұмабаев пен «Құрманғазы» клубы, ММА-дан облыс чемпионы Айдос Өмірзақов жекпе-жекке шығып, жерлесіміз жеңіс тұғырынан көрінді. 75 кг салмақ дәрежесінде «Ушу-санда» клубы, гэпплингтен облыс чемпионатының жүлдегері, құрманғазылық Алтынбек Шүкірбаев «Миялы» клубы, джиу-джитсудан ҚР чемпионатының жүлдегері Саясат Үсенұлынан басым түссе, 80 кг салмақта «Номад ММА» клубы, жекпе-жектен облыс чемпионы, құрманғазылық Райымбек Хайырлиев «Индер» клубы, республикалық дәрежедегі спорт шебері Абылай Дәуітовке есе жіберді. 85 кг салмақ дәрежесінде Атырау қаласы, «Ахмат» клубы, таэквондодан спорт шебері Данияр Базарбаев «Құрманғазы» клубы, қоян-қолтық ұрысынан спорт шеберіне үміткер Нұрдәулет Тұрлановтан мықты екенін дәлелдесе, 90 кг салмақта «Құрманғазы» клубы, жекпе-жектен, ММА-дан облыс чемпионатының жүлдегері, жерлесіміз Ерсейіт Бралин қарсыласы жекпе-жектен және грэпплингтен облыс чемпионатының жүлдегері Сәрсен Сағымбаевты айқын басымдықпен жеңді. 95 кг жоғары салмақта жерлесіміз «Құрманғазы» клубы, әскери қоян-қолтық ұрысынан Қазақстан чемпионы Өркен Өмірбекұлы джи-джитсудан және грэплингтен ҚР күміс жүлдегері Дулат Айдыновтан жеңіліс тапса, осы салмақта «Қарақалпақ Файтер" клубы , самбодан Өзбекстан чемпионы Қуаныш Дәулетбайды «Номад ММА» клубы, грэпплингтен, облыс чемпионы, жерлесіміз Руслан Ескіндіров тізе бүктірді.

Әрбір жекпе-жек аяқталған соң жеңімпаздар 50 000, жеңіліс тапқандар 30 000 теңге ақшалай сертификатпен және кубоктармен марапатталды.

А.Шакупова.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521