Ептілердің ойынында

(0 Votes)

Аудандық дене шынықтыру және спорт кешенінде Кеңестік әскерлердің ауған жерінен шығарылғанына 31 жыл толуына орай ұлттық асық ату және бес асық ойынынан жарыс өтті.

Командалық түрде өткен сайыс барысында қатысушылар өздерінің ептіліктерімен, мергендіктерімен сынасты.

img_3538

img_3542

Ерлер арасындағы асық ату сынында дәлдіктерімен көзге түскен құрамында Әдебиет Ердешов, Марат Жанханов, Мерей Уахашов өнер көрсеткен балалар және жасөспірімдер спорт мектебі жаттықтырушыларының командасы бірінші орынға көтерілсе, құрамында Жақсылық Жәменов, Алтынбек Идаятов, Сағындық Доспаев бар ақкөлдіктер екінші, Асланбек Қалиев, Шыңғысхан Қабиев, Мақсот Ниғыметов бар еңбекшіліктер үшінші орындарды өзара бөлісті.

fok-

Әйелдер арасындағы бес асық ойынында Мақаш ауылдық округінен келген Маржангүл Ғалидуллина, Құрбанай Хожаниязова, Гүлден Боярова құраған командаға тең келер ешкім болмады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі атынан арнайы диплом мен кубок табысталды.

А.НӘЖІМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521