Асылайдың айтулы жеңісі

(1 Vote)

Абай атындағы жалпы орта мектептің оқушысы Асылай Қуанышева бокстан өткен екі турнирге қатысып табысты оралды.

Алдымен Ақмола облысы, Жақсы қаласында жалауын көтерген жасөспірім қыздар арасындағы ашық облыстық біріншілікте топ жарды. Атырау облысы құрамасы сапында өнер көрсеткен Асылай 50 келі салмақ дәрежесінде Астана қаласы, Қарағанды, Ақмола облыстарынан келген тұрғыластарынан басым түсіп жеңімпаз атанды.

Екіншісі, Шардара қаласында ұйымдастырылған Түркістан облысы әкімі жүлдесіне арналған республикалық турнирде үшінші орынға көтерілді. Республиканың түкпір-түкпірінен келген жас боксшылар бәсекесінде жартылай сында қарсыласына есе жіберіп қола медальді місе тұтты. Асылайды жарыстарға аудандық балалар және жасөспірімдер мектебінің бокстан жаттықтырушысы Тұрарбек Уахитов дайындады.

А.НӘЖІМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521