banerkzbig

Жастар – басты назарда

(0 Votes)

Білім жүйесі, жер, тұрғын үй мәселесі, құқық қорғау органдары сияқты өзекті тақырыптарды ел назарына ұсынған Елбасы Н.Назарбаев жастарды да назардан тыс қалдырмады.

«Жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау мемлекеттік саясаттың басымдығына айналуға тиіс. Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек. Келесі жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынамын» деді Н.Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында. «Әр Қазақстан азаматы реформалардың мәнісін, Отанымызды өркендету жолында олардың маңызды екенін түсіну керек. Ал, мұны жеткізу біздің міндетіміз. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын бәрі қолдады. Оған қосымша «Бес әлеуметтік бастаманы» көтердік», - деген Елбасы жастар мен отбасы институтын қолдау – мемлекеттік саясаттың басымдығына айналуы тиіс екендігін ескертті.

Мен Мемлекет басшысының бұл маңызды құжатын «жас мамандарға жарқын жол ашқан бірден-бір алтын қазық» деп есептеймін. Олар түрлі бағдарламалар арқылы шетелде білім алып, қазіргі таңда еліміздің экономикалық салаларында ауқымды жұмыстар атқаруда. Сонымен қатар, келер жылы жастарға үлкен мүмкіндік сыйлайтын маңызды жобалар жүзеге асырылады деген ойдамын. Қоғамның даму үдерісін ілгерілетудің жетекші күші – жастар екендігі белгілі. Сондықтан, көкейдегі көп сауалға жауап берген Жолдауды қолдау -олардың да еншісіндегі дүние.

Ұлан Өтешқалиұлы,

аудандық ақындар айтысының жеңімпазы

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Бейнебаян жаңалығы

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
muratovaslan

Таңатар Дәрелов
- "Серпер" газетінің бас редакторы

kisimovaaru

Қанат Ғұмаров - бас редактордың орынбасары - жауапты хатшы


sharapidenovabilmazhan

Айбек Нәжімов
- 1-ші дәрежелі тілші


panaberdievserikbol

Айнагүл Шакупова
- 2 дәрежелі тілші


dauletiarzholaman

Иманкулова Айдана Қажымұханқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig