СНЮС ЖӘЙ ТЕМЕКІДЕН ДЕ ҚАУІПТІ

(0 Votes)

Жасөспірімдер мен жастар арасында шегуге арналмаған темекі және темекісіз өнімдерді (қоспаларды) тұтыну кеңінен таралуда.

Құрамында 20 мг-нан 250 мг-ға дейін никотині бар (салыстыру үшін бір сигаретте 1,5 мг никотин бар) «снюс» деп аталатыны (шайнайтын және соратын қоспалар) кеңінен танымал. Снюс – жастар мен жасөспірімдер арасындағы жаңа «сәнді» сигареталардың аналогы. Алайда «аналогы» делінгенімен ол мүлдем зиянсыз дегенді білдірмейді. Өте қауіпті, ол әдеттегі темекіден 7-10 есе улы және тез арада никотин тәуелділігін тудырады. Оған психикалық және физикалық тәуелділік әдеттегі темекімен салыстырғанда әлдеқайда күшті. Түтінсіз темекіні пайдалану кезінде никотин мен басқа да заттар сілекейге бөлініп, бірден ауыз қуысының шырышты қабығы арқылы қанға түседі әрі никотин мөлшері темекінің құрамына қарағанда бірнеше есе көптігі бала организмі үшін қауіпті доза. Снюсті пайдаланудан бас тарту – шылым шегуден бас тартуға қарағанда әлдеқайда қиынырақ.

Түтінсіз темекіні қолданудың мынандай салдары бар:

- Снюсті тұтынған кезде ең бірінші ауыз қуысының шырышты қабығы зақымданады, бастағы ауырлық, апатия, күрт сілекей бөлу және бас айналу түріндегі жағымсыз әсерлер пайда болады.

- Ауыз қуысының, ұйқы безінің, өңеш пен өкпенің онкологиялық ауруларының дамуына әкелуі мүмкін.

- Түтінсіз темекіні ұзақ уақыт пайдалану парадонтозға, тістің бұзылуына, ауыздан жағымсыз иістің пайда болуына, тахикардияға, гипертония, бедеулікке әкеледі.

-Темекінің осы түрін пайдаланушыларда жоғары агрессивтілік және қозу немесе керісінше, апатия және эмоциялық дисфункция байқалады.

- Снюс когнитивті процестердің нашарлауына, жадының және назар аударудың бұзылуына әкеледі. - Сондай-ақ түтінсіз темекі ағзаның жұқпалы ауруларға төзімділігін әлсіретеді.

- Никотиннің артық дозалануы өлімге әкелуі мүмкін.

Егер сізге біреу СНЮС ұсынған жағдайда:

- Таныс немесе бөгде адам темекінің осы немесе басқа түрін ұсынса ешқандай жағдайда оның дәмін татып көруге келіспеңіз. Жанжалға түспей, сыпайы түрде бас тартыңыз.

- Егер сізге шайнайтын кәмпиттер ұсынылса, олардың шығу тегі мен қауіпсіздігіне сенімді болмасаңыз, жеуге асықпаңыз.

- Достарды және таныстарды осы затты пайдаланудың зияны туралы ескертуге және оны пайдаланбауға сендіруге тырысыңыз.

Қазақстанда бас санитар дәрігердің қаулысымен бұл өнімді пайдалануға уақытша тыйым салынған. Сондықтан снюсты сауда сөрелерінен көрсеңіз дереу Құрманғазы аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына хабарласуды сұраймыз. Сенім телефоны: 2-05-75. Есіңізде болсын, аурудың салдарымен күресуге қарағанда, қайғының алдын-алу оңайырақ. Өз денсаулығыңызды сақтаңыз!

Б.Абилова,

Құрманғазы аудандық ТКҚСҚББ-ның жетекші маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521