Конго – Қырым қанды қызбасы

(0 Votes)

Конго-Қырым қанды қызбасы кене шағуы арқылы берілетін жұқпалы ауру. Қазақстанда бұл геморрагиялық қызба «көкала» деген атпен 1948 жылдан бері белгілі.

Негізгі табиғи ошақтары Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында орналасқан. Атырау облысы бойынша Конго-Қырым қанды қызбасы қоздырғышына жоспарлы эпизоотологиялық тексеру 2009 жылдан бастап жүргізілді. 2014 жылдан бастап Жылыой, Құрманғазы, Махамбет, Қызылқоға аудандарында және Атырау қаласында мүйізді ірі қара малдарының үстінен және даладан жиналған кенелерден аталған дертке қатысты оң нәтижелер анықталды.

2018 жылы іргелес Астрахань облысында Конго-Қырым қанды қызбасымен 6 науқас тіркелген. Біздің ауданымызда мұндай жағдай тіркелмесе де 2018 жылы сәуір айында аудандағы 274 бас ауыл шаруашылығы малдарынан 1188 кене жиналып қанды қызбаға ИФА әдісімен серологиялық зерттеу жүргізілген болатын. Нәтижесімен 10 сынамадан Конго-Қырым қанды қызбасы Шортанбай ауылдық округінің Жасталап ауылынан, Кудряшов ауылдық округінен, Сафон ауылдық округінің Затон учаскесінен анықталды. Сол себепті тұрғындардың есіне саламыз кене шаққан әрбір адам тұрғылықты жері бойынша емдеу мекемесіне тез арада қаралып, 14 күн ішінде диспансерлік бақылауда болуы қажет.

Кенені алу үшін емдеу-алдын алу мекемелеріне (жарақат бекеті) тез арада қаралған жөн. Көбінесе кене шаққан адамдар осы жәндіктерді өз бетімен алып, емдеу-алдын алу мекемелеріне медициналық көмекке жүгінбейді. Олай етпеген жөн, бұл өміріңіз үшін қауіпті. Жағдайыңыз нашарлағанын сезінсеңіз дереу дәрігерге қаралыңыз. Осы қауіпсіздік ережелерін орындасаңыз Конго-Қырым қанды қызбасын жұқтырудан сақтануға болады.

М.Жанғалиева,

Құрманғазы аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бас маманы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521