«А» вирусты гепатит жиі кездесетін жұқпалы аурулардың бірі.
Негізінен бауыр зақымданып, зат алмасуы бұзылып, адам денесінің сарғаюымен қатар басқа да клиникалық белгілер көрініс береді. Ауру негізінен тығыз тұрмыстық қарым-қатынас арқылы, яғни, тамаққа ауру жұқтырылған азық-түлікті немесе суды пайдаланғаннан таралады.
Сонымен қатар, жеке бас гигиенасын сақтамаған жағдайда лас қолдан, таза емес ыдыстан, тұрмыстық заттар арқылы жұғады. А вирус гепатитіне сезімталдық 2-15 жас аралығындағы балаларда байқалады. Маусымдылық кезеңі күз-қыс айлары. Профилактиканың ең сенімді тәсілі – вакцинация.
Сақтану шаралары: жеке бас гигиенасының ережелерін орындау, жуылған таза көкөністер мен жемістерді пайдалану.
Ш.Әлжанова,
аудандық ТҚҚСҚБ басқармасының жетекші маманы