Отан қорғау азаматтың борышы

(0 Votes)

Жамбыл ауылындағы Панфилов атындағы орта мектепте «Ел күзеткен сарбаз» тақырыбымен Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік комитеті шекара академиясының ІІІ курс студенті Дамир Жақыппен кездесу өтті.

Мақсаты биыл бітіргелі отырған түлектерге мамандық таңдауда кәсіптік бағдар беру, оларға әскери оқуды таңдаудың, Отан қорғаушы болудың үлкен ұрмет екенін түсіндіру. Шараны ауыл өнерпазы Жанаргүл Оразова жүргізді.

img_9035

img_9043

img_9059

Кеш қонағы, осы мектептің мақтан тұтар түлегі Дамир Жақып ата-анасы Мұстахим және Гүлмира Төлегеновалармен бірге қошеметпен ортаға шақырылып, төрден орын берілді. Шара шымылдығы Еркемұрат Ермекұлының орындауындағы «Қазақстан» әнімен ашылды. Мектеп директоры Армангүл Хилауова, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің жасақтау тобының әскерден тыс даярлық жөніндегі қызметкері Асланбек Шарипов өз сөздерінде жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу маңызды екеніне тоқталып, шараға сәттілік тіледі. Келесі кезекте Д. Жақып туралы түсірілген бейнеролика тамашаланды. Студенттің ата-анасы М. Төлегенов пен Г.Төлегенова ұлдары жайлы әңгімелеп, оған бағдар берген алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Есенгелді Мерхановқа, осындай кешті ұйымдастырып жатқан мектеп әкімшілігіне ризашылығын білдірді. Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Есенгелді Мерханов жастарға ел қорғау әрбір азаматтың парызы екенін түсіндіріп, жастарды Дамирден үлгі алуға шақырды. Шара барысында мектептің жоғары сынып оқушылары «Калашников» автоматын жинау мен газ тұмылдырық киюден жарысқа түсіп, жеңімпаздарды аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің жасақтау тобының әскерден тыс даярлық жөніндегі қызметкері Асланбек Шарипов түрлі дәрежедегі дипломдармен ұлығылады. Д.Жақыптың алғашқы ұстазы, сынып жетекшісі болған мұғалімдер Құралай Лұқпанова мен Гүлжан Әбілхайырова шәкірттері туралы естеліктерін ортаға салды. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Берік Тілегенов Дамирдің өмір жолына сәттілік тілеп, «Студенттік өмір», деген өлең оқыды.

img_9067

img_9073

img_9088

img_9124

img_9125

Өз сөзінде Дамир Жақып шекара академиясындағы әскери өмір жайлы, алғашқы кездерде үйді сағынғанын, сондай сәттерде анасына телефон соғып әңгімелескенде бойына сергектік енгенін әсерлі әңгімеледі. Басынан өткен қызықты сәт туралы сұраққа: – Бірде оқу-жаттығу кезінде граната лақтыруды үйретті. Бұрын сырттай көргенімізбен алғаш рет қолданғанда адам абыржып қалады екен. Сақтандырғышын ағытқаннан кейін қолыма ұстап тұрып қалыппын. Қасымда тұрған командир: «Тез лақтыр», деп бұйырғанда барып лақтырып жібердім. Алысқа түсіп бұрқ етіп жарылды. Одан кейін бәріне үйрендік. Бірақ осы оқиға есімнен кетпестей болып қалды, - деген кеш кейіпкері қойылған сұрақтарға жауап қайтарып, оқушыларға болашақта қалаған мамандықтарының иесі атануына тілектестігін білдіріп, шараны ұйымдастырушылар мен қатысушыларға, қонақтарға ризашылығын жеткізді. Кеш барысында оның қарындасы Айзере Төлегенова, мектеп оқушылары Бекет Қайыржанұлы, Бахтияр Бақытжанұлы, шараны жүргізуші Жанаргүл Оразова өз өнерлерін ортаға салды.

img_9129

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521