Қосымша білім беру жүйесі кеңеюде

(0 Votes)

2019-2020 оқу жылында ауданымыз бойынша 2918 оқушы қосымша білім берумен қамтылып көрсеткіш 28,2 %-ды құрап отыр.

Аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын оның төрағасы, аудан әкімінің орынбасары Өркен Тәжібаев ашып жүргізіп, күн тәртібімен таныстырды.

Алдымен «Кәмелетке толмағандарды қосымша білім берумен қамту, оны дамыту жұмыстары» туралы балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру клубы директорының оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары Нұрлан Қабдолов хабарлама жасады. Ол мекеме ашылғалы бері жеткен жетістіктерді саралап, оқушыларға патриоттық тәрбие беру бағытында Гагарин атындағы жалпы орта мектепте кадет сыныбы ашылғанын, алдағы уақытта оны Еңбекші және Нұржау мектептерінде ашуды жоспарлап отырғандарын алға тартты. Комиссия төрағасы Ө.Тәжібаев шалғайдағы Азғыр өңірін де назардан тыс қалдырмау қажеттігін ескертіп, онда да үйірме жұмысын жандандыруды тапсырды. Сонымен қатар, аталмыш клуб пен туристер бекетіне алдағы уақытта қажетті заманауи құралдармен жабдықталған арнайы орын бөлінетіні жөнінде жағымды жаңалығымен бөлісті.

«Қосымша білім беру, балаларды міндетті орта біліммен қамту және «Қамқорлық» акциясының жүру барысы» туралы аудандық білім бөлімінің басшысы Г.Құбаеваның хабарламасы тыңдалды. 2019-2020 оқу жылында ауданымыз бойынша 2918 оқушы қосымша білім берумен қамтылып көрсеткіш 28,2 %-ды құрап отыр. 2025 жылға қарай оны 38 %-ға дейін көтеруді жоспарға қойылған.

«Ауылдық жерде оқушыларды мектепке дейін және кейін қарай тегін жеткізіп салу жұмыстары» жөнінде Кудряшов, Нұржау, Жаңаталап ауылдық округтерінің әкімдері С.Ертілеуов, М.Мұғалім, О.Тәжібаев айтып өтті.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521