Оқытудағы заманауи семинар

(0 Votes)

Гагарин атындағы жалпы орта мектепте аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Оқушылардың тілдік сауаттылығы әдістемесіндегі инновациялар» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдерінің семинары өтті. Оны аудандық білім бөлімінің әдіскері Жетек Шайхиев ашып, семинар жұмысына сәттілік тіледі. Мектеп директоры Жамал Хасанова қатысушыларға қош келдіңін айтып, заманауи материалдық-техникалық базамен жабдықталған сынып және робототехника кабинеттерімен таныстырды. Бастауыш сынып әдістемесінің бірлестік жетекшісі Шынар Ержанова тренинг жұмысын сәтті ұйымдастырды.

Крупская атындағы жалпы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Қоңырша Темірова үздік сабақ ұсына отырып, дифференциалды оқытудың шебер үлгісін көрсетті. Гагарин атындағы жалпы орта мектептің ұстаздары Алтынай Байдаева және Айнұр Үдербаева оқушылардың коммуникативті қарым-қатынас дағдыларының жетілдіру жолдары мен тілдік сауаттылығын қалыптастыру мен дамытудағы инновациялық жұмыстарынан хабардар етті.

Ал бастауыш сынып мұғалімі Ақмарал Инаматова оқытудағы ақпараттық коммуникациялық технологияларды тиімді пайдаланып, шәкірттерінің функционалды сауаттылығын дамытуда түрлі дидактикаларды ұсынды. Тренер-модератор Шынар Ержанова «топтық жұмыстарда «ұқсастық пен даралық» әдісін тиімді ұйымдастыру» атты шеберлік сыныбын өткізді.

Кері байланыс бөлімінде мектебіміздің тәжірибелі мұғалімі Мазлұмат Иманғалиева және Энгельс атындағы жалпы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Гүлімжан Хабиденова «SWOT» талдау арқылы сабақтардың күшті, әлсіз жақтарын саралап берді.

Шынар Ержанова,

мұғалім.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521