Оқушыларымыз байқауда топ жарды

(0 Votes)

Аудандық оқушылар үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 28 жылдығына орай «Менің Қазақстаным» атты аудандық патриоттық әндер орындаушылар мен көркемсөз оқушыларының конкурсы және “Ар намысым, қасіретім, мақтанышым - Желтоқсан” тақырыбында аудандық қойылымдар байқауы өтті.

Мектебіміздің 5 сынып оқушысы Амиржанова Мира ән байқауында «Туған елім» әнімен І орынды жеңіп алса, көркемсөз оқуда 9 сынып оқушысы Мазломова Лиза «Тәуелсіздік жасасын!» өлеңімен ІІІ орынға ие болды.

lomom1

Сайыскерлерді қазақ тілі пәні мұғалімі Д.Бисенғалиева дайындады. Қойылымдар сайысында жоғары сынып оқушылары қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Хайрушеваның жетекшілігімен Желтоқсан көтерілісі туралы тамаша көрініс дайындап, үшінші жүлдені иемденді.

А.ҒАПУОВА,

Ломоносов атындағы жалпы орта мектебінің аға тәлімгері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521