«Әке ізі-мәңгілік»

(0 Votes)

Аудандық білім беру бөлімінің қатынас хатына сәйкес бала тәрбиесіндегі әкенің рөлін көтеру, әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатында 19 ақпан күні мектеп-интернатта «Әке ізі-мәңгілік» тақырыбындағы кездесудің тәрбие-тағылымдық мәні зор болды.

Шараға ата-аналар комитетінің төрағасы Сейтқалиев Ғайса мен әкелер қозғалысының жетекшісі Сабиров Өміржан және әкелер мен оқушылар, мұғалім, тәрбиешілер, шақыртылған қонақтар, қызметкерлер қатысты.

«Әке» мен «бала» ұғымдарының мағынасын ашу бойынша ойқозғау тапсырмасын орындаудан басталған бұл шарада «Ізгілік жолы» әкелер тобы, «Ізетті ізбасарлар» балалар тобы және «Ізгі ниетті кеңесшілер» сарапшылар тобы әке мен ұл тәрбиесіндегі заманауи қиындықтар мен тәрбие берудегі кемшіліктер жайында ой өрбітіп, пікірлерін ортаға салды. «Пікір айтсам деп едім...» бөлімінде әкелер мен балаларға сұрақтар беріліп, жауаптары тыңдалса, «Әкеме хат» айдарында балаларының жолдаған хатындағы өтініштері мен тілектеріне әкелер өз жауаптарын әсерлі жеткізе білді.

87269982_658546814949876_2095392987553988608_o

«Мамандық таңдау-маңызды қадам» бөлімінде қатысушылар көрсетілген бейнеролик төңірегінде ойларын айтып, болашақ таңдап отырған мамандықтары жайлы сөз қозғады.

«Отбасы дәстүрлері» жұптық жұмысында ұлттық құндылықтарды дәріптеу, әке мен бала бойына дарыту көзделген болатын. Әр жұп –әкесі мен ұлы отбасында қалыптасқан дәстүрлерін атап көрсетіп, қонақжайлылық, үлкенді сыйлау, мерекелік дәстүр, бос уақытындағы жұмыстар, қызығушылықтарын ортаға салды.

86733937_658560911615133_9088181713510596608_o

Тәрбиелік шараның барысында әр топ «Бақытты жанұя» моделін жасап, макетін құрастырды. Бақытты жанұя болу үшін адам бойында қандай қасиеттер болуы қажеттігіне, жанұя мүшелерінің өзара қарым-қатынасына қажетті сөздерді таңдай отырып, макет құрасытырып, әр топ өз жұмысын қорғады. Әрбір бөлім бойынша кеңес беруші сарапшылар тобының пікірі тыңдалып отырылды.

86731944_658548631616361_3970480558282113024_o

Қорытындылау сәті Отбасы – ұшқан ұя, жылылықтың, жылулықтың мекені ретінде жанұя ошағының түтіні түзу болуы үшін «Тілек шамымен» бір - біріне жақсы тілек айта отырып, ұсыну арқылы жүзеге асты.

Шара соңында «Биопоэма» әдісі арқылы рефлексия жасалып,қорытынды түйін шығарылды. Әкелердің құрметіне караокемен «Менің әкем-ең жақсы адам» әнін бірге орындаумен аяқталды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521