«Бар жақсылық балаларға!»

(1 Vote)

Аудан аймағындағы Атырау-Астрахань тас жолын салып жатқан ТОО «Сине Мидас Строй» мекемесі Зейнолла Серікқалиұлы атындағы мектеп-интернаты жанындағы мүмкіндігі шектеулі оқушыларға демеушілік жасап, шәкірттерімізді қуантты.

Осыған орай, білім ошағында «Бар жақсылық балаларға» атты шара ұйымдастырылып, оған мекеме атынан бас инженер Даулетбай Номанов қатысты. Кеш қонағы оқушыларға жүрекжарды тілегін жеткізіп, мектепке теледидар, ноутбук, қос-қостан тігін, кір жуатын автомат машинасын табыстады.

Мектеп директоры Қабдрахим Бисенгалиев демеушілікті ұйымдастырған мекеме басшылары Ахмет Будан, Мехмет Будан, Ерхан Карадах, Хасан Инак, Бердибек Умербаевқа игі бастамалары үшін зор ризашылығын білдірді.

Гүлназ Қартжанова,

Зейнолла Серікқалиұлы атындағы мектеп-интернатының әлеуметтік педагогы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521