Қайырымдылық – қадірлі іс

(0 Votes)

Қайырымдылық – мұқтаж жандарға көрсетілер нақты көмектің, ізгіліктің анық көрінісі, адамның асыл қасиеттерінің бірі.

Ниеті түзу адам ұрпағын оны жасауға жастайынан үйретіп, адамгершілік асыл қасиеттерге баулуға ұмтылады. Жүрегінде иманы бар жұрт Алла алдындағы қасиетті парыздың бірі қайырымдылық деп біліп, қолынан келгенше жасауға тырысады. «Не берсең де балаға бер, бала үшін жаса», деген халқымыздың игі дәстүрі қазіргі кезде қайырымдылық қорларының іс-тәжірибелерінде жалғасын табуда.

С.Мұқанов атындағы жалпы орта мектебінде «Адамшылықтың шуағы сөнбесін» тақырыбымен қайырымдылық шарасы өтіп, оған 19 бала қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Ауылымыздың аға-апалары балаларға өз қолдауларымен қоса жүрек жылуын сыйлады. Мектеп директоры Күнсұлу Сүйінова балаларға өзінің ізгі тілегін жеткізді. Дәстүрлі жалпы республикалық «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы аясында балаларға қолдау көрсеткен жеке кәсіпкерлер Галина Қаршығалиеваға, Гүлғайша Сыдыховаға,Серік Сыдыховқа, Рая Қуанғалиеваға, Кенжебек Қуанғалиевке, Орынбасар Мусинге, Даниял Аушимовке, Арайлым Қарабалаеваға, Көптоғай ауылдық округі, С.Мұқанов орта мектебінің ұжымына мектеп әкімшілігі атынан ризашылығын білдірді. Бір айға созылған шара барысында аз қамтылған, көп балалы барлық оқушылар түгел қамтылып, қамқорлыққа алынды. Ұйымшылдық танытқан барлық жомарт жандарға алғысымыз шексіз. Осындай сауапты іске ұмтылуды баршаңызға нәсіп етсін!

Ж.Қошқарова,

С.Мұқанов атындағы орта мектептің әлеуметтік педагогы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521