Жол құрылысы қарқынды жүруде

(0 Votes)

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Сәрсенбай Еңсегенов, аудан әкімінің міндетін атқарушы Жандос Бектеміров, аудандық мәслихаттың хатшысы Болат Жүгінісов, аудан әкімінің орынбасары Жастілек Хасанов салынып жатқан «Ақтөбе-Атырау-Астрахань» автожолының құрылысына барып, жұмыс барысымен танысты.

Мердігер мекеме «Сине Мидас Строй» TODINI J.V» басшылары, түріктер Хасан Бимырза, Алзада Әбіловпен әңгімесінде Сәрсенбай Құрманұлы: – Бұған дейін бірнеше облыстарда барып, салынып жатқан жолдарды көрдім. Солармен салыстырғанда сіздердің жұмыстарыңыз жақсы. Алдағы уақытта да осылай жалғасады деген үміттеміз. Үлестеріңізге жолдың 60 шақырымдық, инженерлік тұрғыдан ең ауыр учаскесі, 12 көпір, газ, су өтетін жерлері түсті. Құрылысқа қажетті техникалар жеткізілді, зауыт жұмыс жасап тұр. Мен осында келмес бұрын Үкімет басшысының орынбасары, жол құрылыстарымен айналысатын Жеңіс Қасымбек Махмудұлына, «Қазавтожол» ҰК басқарма төрағасының орынбасары Ұлан Әліповке де жолықтым. Жаңа ол кісімен телефон арқылы тағы да сөйлестім. Жолдың 217 шақырымы 4 лотқа бөлінген. 3 және 4 лотының жеңімпаздары анықталды, біреуі сіздер. Тағы 80 шақырымды алып отырсыздар. Оған мен де ризамын. Жергілікті әкімшілік, аудандық мәслихат тарапынан сіздерге қолдау бар. Ауданның қазіргі басшысы жол құрылысында жұмыс жасаған, саламен жақсы таныс. Арғы жағындағы 60 шақырымын тағы бір компания алған. 200 шақырымы осылай шешілсе, қалған 77 шақырымы тағы екі лотқа бөлініп, оның да тендері ойналып, айналысатын компниялардың материалдары Еуропалық даму банкіне жолданды. Осы жолдың құрылысына ақша бөлінген кезде, сол уақыттығы Сенат төрағасы, қазіргі Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев министрлікке шығып, шұғыл жиналыс өткізді, оған қатысуға мені де шақырды, – дей келе талқылау барысында карьер туралы заңға өзгерістер енгізілгеніне, оны пайдалану бұрынғыдан жеңілдегеніне тоқталып, оған үлкен ұқыптылықпен қарауды сұрады. Кездесу барысында басқа да мәселелер қозғалып, қатысушылар өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

img_3442

img_3454

Аудан әкімінің орынбасары Жандос Бектеміров жағымды жаңалықты жеткізіп, мердігер мекеме төлейтін салық аудандық бюджетке түсетін етіп шешкендерін айтты. «Сине Мидас Строй» TODINI J.V» компаниясының учаске шебері Алзада Әбілов: – Жұмысымыз жақсы жүріп жатыр. Жоспар артығымен орындалуда.Электр жарығынан басқа инженерлік жүйелер негізінен біте келді. Жол бойына жарық тартуға «Қайсар» компаниясы таңдалып, келісімшарт жасалып, алғы төлем ретінде 15 млн. теңге жібердік. Екінші лот бойынша да жұмыс жасап 700 метрге асфальт төсеуді бастадық. Қазір бізге Ақтөбеден күн сайын 20 вагон қиыршық тас келіп отыр, құрылыс жақсы жүруі үшін оны 40 вагонға жеткізу қажет. Мұны да шешеміз. Негізі жоспар бойынша биыл 10 шақырымның үстінде асфальт төсеуіміз керек болса, біздің басшыларымыз оны 37 шақырымға жеткізуді мойынына алып отыр. Оның 14 шақырымын бірінші, 23 шақырымын екінші лотта 100 пайыз орындаймыз, - деп сендірді. Сенатордың қойған сұрағына берген жауабында барлық жұмысшылардың саны 220 адам, оның 154-і ауданымыздың тұрғындары, 20-сы түрік, қалғаны еліміздің өзге өңірлерінен екенін айтты. Бұған қоса 100 «Камазда» вахталық әдіспен жұмыс жасайтын 200 жүргізуші бар.

img_3463

img_3466

img_3472

Құрылысы қарқынды жүріп жатырған жол үсті алуан түрлі техникаға толы. Олардың көбі шетелден шыққан. Биік, ені кең жаңа жолдың 10 шақырымы асфальтталғанын, беті теп-тегіс шыққанын көрдік. Біз «Сине Мидас Строй» TODINI J.V» компаниясының өндіріс басшысы Омар Бурфикті әңгімеге тарттық.

img_3482

img_3484

– Жол салу жұмыстары қалай жүруде? Техникаларыңыз жеткілікті ме?

– Қазір 10 шақырымы бітіп тұрғанын жаңа естідіңіз, бұдан басқа 15 шақырымының қиыршық тас жабындысы және сондай мөлшердегі шақырымының асфальті төселуде. Тағы 5 шақырым жерінің топырағын көтеріп қойдық. Екі көпірдің жерге қағылатын тіреулерін(свай) бітіріп, төртіншісіне көштік. Техникаларға келсек 4 асфальт төсегіш, үш асфальт бетін тегістейтін және 5 «Түрік бабель» деген катогымыз, 4 бульдозер, жеті эксковатор, 200 дана өздігінен көтергіш автокөліктер, 10 дана тиегіштер, крандарымыз, басқа да түрлі техникаларымыз бар. Көпір құрылысына қажетті материалдар келіп жатыр. Жұмысымызда кідіріс жоқ. Құдай қаласа екінші жылға 60 шақырымның тек 23-і қалады, - деді О.Бурфик. «Сине Мидас Строй. TODINI J.V» компаниясындағы түрік ағайындардың кім келсе де жақсы қарсылайтынына, ашықтығына, жергілікті тұрғындармен жақсы қарым-қатынастарына риза болып тарқастық.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521