Шекара қызметі жедел алдын алу шараларын жүргізеді

(0 Votes)

Каспий теңізі мен басқа да оған құйылатын өзен-суларды мекендейтін су жәндіктері мен жануарларын браконерьліктен қорғау мақсатында 2020 жылдың 1-ші сәуірінен бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі жергілікті билікпен, басқа да құқық қорғау органдарымен бірлесіп «Бірлескен Жедел алдын алу-2020» іс-шараларын өткізеді.

Шара кезінде шекара қызметінің құрылымдары мен бөлімдері, бөлімшелері Каспий теңізінің акваториясы мен басқа да суларда күштік құралдарды белсенді түрде қолданып заңсыз балық аулаудың жолын кесетін болады. Мақсат – браконерьлерді іздеу, оларды ұстау, заңсыз балық аулайтын құралдарды жою мен тәркілеу.

Сонымен қатар су бойындағы кемелердің, катерлердің заңдылығы, олардың құжаттары, теңіз (өзен) өнімдерін аулау тәртібі, ережесі, кемелер мен катерлердің су бойындағы іс-әрекеттерді атқару режимі тексеріледі. Олардан заңсыздық табылып жатса, кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық және Қылмыстық Кодекстерінің баптарымен жауапкершілікке тартылады.

Жедел іс-шараға ҚР ҰҚК Шекара қызметінің бірнеше тікұшақтары, кемелері мен катерлері тартылып, тәулік бойы патрульдік қызмет ұйымдастырылады. Сұрақтар бойынша Атырау қаласында орналасқан 2016 әскери бөлімінің жедел-кезекші бөліміне хабарласуларыңызды сұраймыз. Тел: 8712 299 55 55.

Д.Жамал,

2016 әскери бөлімі «Сазды» шекара заставасы бастығының ТӘҚЖБ орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521