Жастар жылына арналды

(0 Votes)

Жастар жылына арналды Биылғы жылды Елбасымыз Жастар жылы деп жариялағаны өздеріңізге жақсы мәлім.

Осыған орай Сафон ауылдық мәдениет үйі «Жастық жалын болашаққа жетелейді» деген тақырыпта шара ұйымдастырды. Оны тек округ көлемінде ғана емес, аудан бойынша өткізейік, жастар арасында ұлттық өнерімізді насихаттайық, туған жерге, елге деген сүйіспеншілігін еселей түсейік, бос уақыттарында көңілді демалыс сыйлайық деп жоспарлағанбыз. Сол мақсатпен 16 қазаннан бастап Мақаш, Еңбекші ауылдық округтерінде болып, ауыл жастарымен кездесіп, концерттер қойдық.

Концертке аталған ауылдардың жастарымен бірге үлкендер де қатысты. А.Хамитова, Е.Өтебаев, Н.Өтегенов, Ә.Алпанов, Г.Ниғыметов, А.Алауова, А.Алауов, З.Аминова сияқты жастардың өнерлері көрермендер көңілінен шығып, ыстық ықыласына бөленді. Алдағы уақытта осындай концерттік бағдарламамен Орлы, Теңіз, Байда, Шортанбай ауылдық округтеріне де сапармен шығамыз.

Қ.Мұратқалиева,

Сафон ауылдық мәдениет үйінің әдіскері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521