Жастар қоныс тойларын атап өтті

(0 Votes)

«Қазақстанның болашағы сіздерге – сіздердің білімдеріңізге, күш-жігерлеріңіз бен патриоттық сезімдеріңізге байланысты.

Қазір қолға алынған жұмыстардың бәрі сіздердің бақытты өмірлеріңіз, сондай-ақ өз әлеуеттеріңіз бен мүмкіндіктеріңізді толық жүзеге асыра алу үшін атқарылып жатыр», – деген Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаев «2019 жыл – Жастар жылы» екенін атап өтті. Бұл жас буын үшін жарқын бастамаға айналды. Көптеген жобалар қолға алынды. Бір қуантарлығы, әр өңірде жастар ресурстық орталықтарының жұмысы кеңейді. Ал ауданымызда "Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жаңа ғимаратта өз жұмысын бастады. Енді қайда барамын, уақытты қалай тиімді өткіземін, жұмысқа қайтіп орналасамын деген сауалдар бір жерден шешімін табатын болады. Жастардың жаңа идеялары мен жобаларына бағыт беріліп, оларды толғандырған мәселелер назардан тыс қалмайды. Әрине бүгінгі таңда барша жасты сапалы білім беру жүйесі, қолжетімді жоғары білім, қо¬лына диплом алған түлектерді жұмыспен қамту, жас отбасыларды тұрғын үй мәселесі сияқты сұрақтар мазалайтыны анық. Әрине, болашақтың іргетасын қалау мақсатында игі шаралар атқарылып жатқанын жоққа шығармаймыз. Ендігі кезек, жастардың өздеріне артылған жауапкершілікке тиянақты болып, берілген мүмкіндікті пайдаланып әрбір азаматтың көшбасшылыққа ұмтылуында.

img_7272

img_7261

Сәулеті мен салтанаты келіскен аталмыш орталықтың ашылу рәсіміне аудан әкімі Қайрат Нұртаев, оның орынбасарлары, еңбек ардагерлері, дербес бөлім басшылары, мекеме қызметкерлері және жастар қатысты. Шараны жүргізген Қайрат Сайфуллин алғашқы құттықтау сөзді аудан әкімі Қайрат Талапұлына ұсынды.

img_7276

– «Жастар жылы» аясында жүзеге асып отырған бұл жобалар күй өңіріндегі 15 мыңнан астам жасқа мол мүмкіндік бермек. Бір қуанарлығы бүгінде қыз-жігіттеріміз белсенді, ой-сана ауқымы кең және білімді. Олардың бойындағы буырқанған күш тек бір бағытқа – күнделікті жұмысты атқаруға ғана емес, елді, Отанды дамытуға үлес қосуға, жаңаша ойлап, заманауи бастамалар көтеруге негізделуі тиіс. Әр азамат қоғамда өз орнын тауып кету үшін тырмысып жүргенінің куәсіміз. Жастар – ілгері дамудың негізгі қозғаушы күші, еліміздің дүниежүзілік аренада бәсекеге қабілеттілігінің басты факторы, ұлтымыздың салтын, дәстүрін келер болашаққа жеткізуші көпір. Көпірдің нық салынуы – оған бөлінген қаржы мен сапаға байланысты. Жастардың білім алуы мен іс бастауына қаншалықты мүмкіндігі көп болса, ол соншалықты нық болатыны анық. Осыған орай, облыс әкімі Нұрлан Асқарұлының тікелей қолдауымен алынған бұл ғимарат енді жастар игілігіне қызмет етеді. Онда қыз-жігіттер үшін тегін ғаламтор, шағын кітапхана, коворкинг, шығармашылық орталықтар, мәжіліс және жаттығу залдары, кеңес беру бөлмелері жұмыс жасайды. Демек, кез келген жас жеке басына, қоғамдық мәселеге қатысты өзінің ұсыныс-пікірлерін орталық мамандарына келіп білдіруге мүмкіндігі бар. Замануи жабдықталған орында күй өңірінің белсенділері тың идеяларымен бірқатар интеллектуалды-инновациялық жобаларды қолға алып, жүзеге асыратындарына сеніміміз мол, - деді.

img_7278

img_7282

Құрманғазы ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қадірбай Жармұхамбетов, аудан жастары атынан Сафон ауылдық жастар ұйымының жетекшісі Еркебұлан Өтебайұлы заман талабына лайықты қылып жасалған орталық алдағы уақытта жастық жігер, шалқар шабыт, іскерлік қажыр-қайрат салтанат құратын мекенге айналсын деген ізгі ниеттерін білдірді.

img_7290

Ғимараттың алдына керілген лентаны аудан әкімі Қайрат Талапұлы, Құрманғазы ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қадірбай Жармұхамбетов және аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Наурызбай Бисенғалиев қиды. Бұдан кейін қонақтар жаңа нысанның ішін аралап, оның материалдық-техникалық базасымен танысты.

img_7251

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521